Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесіндегі "командамен ауысу" проблемасы туралы айтты.
Мемлекеттік қызметте "командамен ауысу" әлі де өте өзекті мәселе болып отыр. Мемлекеттік органдардағы ауыспалылық толықтай алғанда 6-10% нормасы шегінде екенін көрсетті. Шын мәнінде, министр немесе әкім ауысқан кезде, кадрлық құрам да айтарлықтай өзгеретіні айқын, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Ол мемлекеттік басқару жүйесінде басшы қызметкерлердің санына қатысты нормативтер жоқ екенін және меритократия принциптері үнемі сақтала бермейтінін атап өтті.
Әлі күнге дейін қамқорлық және таныс арқылы, ықпалды қамқоршының көмегімен қызмет сатысында ілгерілеу жайттары бар. Бұл шындық екені жасырын емес. Оны бәріміз де білеміз. Бұған жол беруге болмайды. Мұндай жүйені қоғамдық пікір арқылы да сыни сараптамаға ұшырату қажет. Басқаша мүмкін емес. Қоғамның пікірін де ескеру қажет. Кейбір мемлекеттік қызметкерлер ескі жүйеден шыға алмай, елдегі жаңғыру процестерін тежейді. Ведомстволар мен бөлімшелердің басшылары шегіртке сияқты бір қызметтен басқасына секіріп жүр, - деді президент.
Айта кетейік, бүгін Қазақстанның мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада президенттік жастар кадрлық резервіне өткендермен кездесті. Президент қоғам өкілдері биліктің іс-әрекетімен келіспеген жағдайда пікірін еркін айтуға мүмкіндігі болатынын айтты. Ол жиында қазақтың тұңғыш премьер-министрі саналатын, "Алашорда" үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханның қанатты тіркеске айналып кеткен сөзін мысалға келтірді.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Абайдың "кемел адам" тұжырымы мемлекеттің барлық саласында негізгі тұғырға айналуы тиіс екенін айтты.
Оқи отырыңыз: