Бұл үндеу Елбасының әрқашан халықпен бірге екенін көрсетеді – Нығматулин

8 Сәуір 2020, 10:38
1653
Бөлісу:
Бұл үндеу Елбасының әрқашан халықпен бірге екенін көрсетеді – Нығматулин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  ҚР Парламент мәжiлiсінің төрағасы Нұрлан Нығматуллин бүгінгі мәжілістің жалпы отырысының ашылуы барысында Елбасының үндеуіне тоқталып өтті. 

Бүгін республикалық ақпарат құралдарында Тұңғыш Президентіміздің арнайы үндеуі жарияланды. Бұл үндеу Елбасы Нұрсұтлан Әбішұлының әрқашан да халықпен бірге екенін көрсетіп, халқымыздың ынтымағын одан әрі нығайтуға серпін береді. Себебі Елбасымыздың көреген саясатының арқасында Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары бірлігіміз артып, елімізде ірі саяси, экономикалық, әлеуметтік реформалар жасалып Қазақстанымыз барлық салада зор табысқа жетті, - деді ол.
Сондай-ақ ол, елімізде болашаққа арналған ұлттық қорымыз да бар екенін айта келе, оның қазіргі қиын-қыстау кезде пайдасы тиетінін айтты.
Бұл ұлттық қор қазіргі күрделі кезеңде халқымызды, әрбір азаматты жан-жақты қолдауға үлкен мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан Елбасы айтқандай "бірлік бар жерде – алынбайтын асу жоқ". Біз сол бірлікті, келісімді, тұрақтылықты сақтап, қазіргі қиындықтан аман-есен шығамыз, - деді Нығматуллин. 
Айта кетсек, бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің жалпы отырысы өтіп жатыр. Онда "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы",  "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй бағдарламалары операторларының санын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтырулар енгізу мәселесі қаралып жатыр.
Өзгелердің жаңалығы