Бүгінгі журналистикаға қарым-қатынасымыз ертеңгі БАҚ-тың дамуына септігін тигізеді – Балаева

26 Тамыз 2020, 11:36
1795
Бөлісу:
Бүгінгі журналистикаға қарым-қатынасымыз ертеңгі БАҚ-тың дамуына септігін тигізеді – Балаева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева медиа саласы мамандарын даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының ректорларымен «Қазақстан Республикасындағы журналистика деңгейі» тақырыбында онлайн-форматта өткен кездесу барысында айтты.

Журналист мамандарын даярлау мен жас тілшілердің кәсіби біліктілігінде сын да, мін де жоқ емес. Сондықтан, осы саладағы кейбір көкейтесті мәселелер бойынша ортақ шешімге келу үшін меморандумға қол қойылды. Меморандумның мақсаты – салалық журналистиканы дайындау, жұмыс істейтін журналистерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруға бағытталған. Біздің бүгінгі осындай қарым-қатынасымыз ертеңгі БАҚ саласының дамуына және жетілуіне өз септігін тигізеді деп сенемін, - деді министр.

Айта кету керек, кездесу барысында кадрларды даярлау саласындағы проблемалық мәселелер, атап айтқанда, «Журналистика» мамандығы студенттерінің аналитикалық және практикалық дағдыларын дамыту, нарықты телерадио хабарларын тарату саласындағы мамандармен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Өзгелердің жаңалығы