БҰҰ әлемде азық-түлік қымбаттағанын мәлімдеді

10 Ақпан 2019, 11:26
2479
Бөлісу:
БҰҰ әлемде азық-түлік қымбаттағанын  мәлімдеді

Астана, BAQ.KZ. БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы (ФАО) әлемде азық-түлік, соның ішінде, сүт өнімдері бағасы өскенін анықтады. Бұл жөнінде ҚазТАГ порталы хабарлайды. 


ФАО-да азық-түлік бағасының индексі 2019 жылдың қаңтар айында алдыңғы аймен салыстырғанда орта есеппен 1,8% өсіп, 164,8 шекке жетті. Сарапшылар өсімдік майының бағасы алдыңғы аймен салыстырғанда 4,3% өскен. Бұл пальма майының қымбаттауына байланысты орын алған. Сол сияқты, соя майы да қымбаттаған.

«Сүт өнімдері алдыңғы аймен салыстырғанда 7,2% қымбаттады. Ірімшік пен басқа да сүт өнімдері бағасының қымбаттауына Еуропада ішкі жоғарғы сұраныс салдарынан экспорттық тасымалдауды қысқарту болып отыр», - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, сарапшылардың мәліметі бойынша, «әлемдегі ең ірі қант тасымалдаушысы болып табылатын Бразилияның ұлттық валютасы бағамының артуына» байланысты қант та біршама қымбаттай түскен. Алайда, ет индексі еш өзгеріссіз қалған. 

Жалпы, 2019 жылға арналған бидай өнімінің болжамы жағымды. Сарапшылар бидай өсіру көрсеткіші Еуропа одағы мен Ресей Федерациясында айтарлықтай жоғарылайды деп болжап отыр.
Өзгелердің жаңалығы