Бас жаңалықтар
Қазір жеке қауіпсіздік шараларын сақтау аса маңызды – Бегалиева
04 Шілде 2020, 10:41 227

Қазір жеке қауіпсіздік шараларын сақтау аса маңызды – Бегалиева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазір жеке қауіпсіздікті сақтау аса маңызды, деді "ITeachMe" құзыреттілікті дамыту орталығы" қоғамдық қорының директоры.

Менің көп танысым індетпен ауырып шықты. Олар қажеттілік болмаса, далаға шықпауға кеңес берді. Маска тағып, қолғап киіп, адам көп шоғырланған жерлерге бармай, өзіміз бен біреудің денсаулығына деген жауапкершілікті арттыруымыз керек. Халық арасындағы күрделі жағдайды ескере отырып, мемлекет карантиндік шектеулер енгізді. Қазір жеке қауіпсіздік шараларын сақтау аса маңызды. Барлығын жеке гигиеналық талаптарды сақтауға шақырамын. Біз бұл індетті бірігіп қана жеңе аламыз, - деді ол. 
Оның айтуынша, қазір халық дүрбелеңге салынып, дәрі-дәрмекті шамадан тыс сатып алып жүр. 
Қазір COVID-19 туралы әртүрлі ақпарат өте көп. Көп жағдайда жалған мен шындықтың аражігін ажырату қиын. Бұл індет туралы таратылатын ақпарат үрейге салуға емес, аурумен күресуге, дүрбелең мен үрейді төмендетуге бағытталғаны абзал деп ойлаймын. Адамдар үрейдің нәтижесінде дәріханалардағы бар дәрі-дәрмекті шамадан тыс сатып алып жатыр. Оның  қажеті мен пайдасына аса мән бермей отыр. Бұл дұрыс емес, әрине, - деді Захира.Бегалиева. 

Айта кетейік, Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, Мемлекеттік комиссия биылғы 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдаған болатын.


Фото: дереккөз
Загрузка...