Қазір барлығымыз осы індеттің майданындамыз – профессор

13 Шілде 2020, 15:49
1476
Бөлісу:
Қазір барлығымыз осы індеттің майданындамыз – профессор

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ Ұлттық Өнер университетінің профессоры, Нұр-Сұлтан қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясы камералық хорының көркемдік жетекшісі Гүлмира Құттыбадамова бүгінгі аза тұту күніне қатысты пікір білдірді. 

Өлім туралы әрбір хабардан жүрегім ауырады. Өмірден өтіп жатқан таныс және бейтаныс адамдармен ойша қоштасамын, жүрегім қан жылайды. Достарым ауырып жатыр, кейбірі ата-аналарын, жақындарын соңғы сапарға шығарып салуда. Қазір барлығымыз осы індеттің майданындамыз. Халқымның, Қазақстанымның қайғы-қасіретіне ортақпын. Жақындарын жоғалтқан барлық адамға шын жүректен көңіл айтамын. Барлығымызға дәл қазір денсаулық, сенім, күш және рухтың беріктігі керек, - деді ол.

Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілдені еліміз бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын. Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12:00-де коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланды.
Өзгелердің жаңалығы