Қарағандыда дәмхананы "жарып" жібермек болған азамат ұсталды

13 Қазан 2019, 18:18
2005
Бөлісу:
 Қарағандыда дәмхананы "жарып" жібермек болған азамат ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Терроризм актiсi туралы жалған хабарлама берген 47 жастағы азамат ұсталды. Бұл туралы Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

13 қазан күні сағат 14:30 шамасында "102" нөміріне Қарағанды қаласы Ленин көшесінің бойында орналасқан кафелердің бірінде белгісіз азамат ғимаратты жарамын деп қорқытқандығы туралы хабарлама түскен.

қиға орынына барлық жедел қызметтер жұмылдырылды. Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері оқиға орынында 47 жастағы азамат анықталы. Ол өзінің қол сөмкесінде "жарылғыш зат" барын және шамамен 15 минуттан соң "жарылатындығын" айтқан. Оқиға орны қоршауға алынып, ғимараттан 2 адам эвокуацияланған. Полиция қызметкерлері қол сөмкені қарап, онда ешқандай жарылғыш зат жоқ екенін анықтады", - делінген хабарламада. 

47 жастағы азамат облыстық психоневрология диспансеріне жатқызылды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 27- бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. 

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы