Қазақта қанша Абай Құнанбайұлы бар?

10 Тамыз 2020, 11:45
1710
Бөлісу:
Қазақта қанша Абай Құнанбайұлы бар?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Статистика комитетінің мәліметінше, Қазақстанда қазіргі таңда аты-жөні Абай Құнанбайұлы деп жазылатын 31 адам тұрады.

Оның ішінде аты мен тегі 3 адам ал әкесінің аты Абай Құанбайұлы деп көрсетілген 28 адам бар.

Ең көбі Түркістан облысында – 10 адам, ал Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында – 3 адамнан тұрады.

Сондай-ақ Республикада ұлы ақынның 17 674 аттасы бар, оның көбі -2100 адам – Түркістан облысында, Алматы облысында – 2062, ал Нұр-Сұлтан қаласында – 1610 Абай есімді қазақстандықтар тұрады.

Өзгелердің жаңалығы