Бас жаңалықтар
Қазақстан Президенті жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді
27 Сәуiр 2019, 11:10 706

Қазақстан Президенті жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Фасебуктегі парақшасында жазды. 

"Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдің бірқатар әлеуметтік және индустриялық нысандарын аралап көріп, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен танысады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының облыс жұртшылығымен, соның ішінде мұғалімдер қауымымен, еңбек ұжымдарымен, жастар өкілдерімен кездесуі жоспарлануда", - делінген жазбада.


Загрузка...