Бахрейнде сексуалды құлдықта болған 21 қыз елге оралды

27 Ақпан 2020, 13:32
3327
Бөлісу:
Бахрейнде сексуалды құлдықта болған 21 қыз елге оралды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, қазір ол қыздар елге оралған.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі бір аптадай бұрын сексуалды құлдықта болған Қазақстанның 21 азаматының Бахрейнде босатылғанын мәлімдеді. 

Оның сөзінше, бұл операцияны олар Сауд Арабиясындағы ҚР елшілігімен және Бахрейннің құқыққорғау органдары бірлесе атқарды.

Қазір бұл қыздар Қазақстанға келді. Олардың жағдайы жақсы. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Тергеу деректерін айта алмаймын. Бұл істе тек Қазақстанның азаматтары емес, басқа елдің азаматтарының қатысы бар. Ұлкен ұйымдасқан топ болған. Тергеу қалай аяқталады, солай ақпарат беремін, - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров брифинг барысында.
Айта кетейік, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров шетелде коронавирус жұқтырғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін хабарлады. Қазір Кореяда Қазақстаннан 35 мың адам бар. Заңсыз 12 мыңға жуық адам жүр. 848 адам ғана консулдық тіркеуге тұрған. 

Соңғы кезде Кореяда қазақстандық әйелдің қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған болатын. СІМ ресми өкілі Корея Республикасында ем қабылдап жатып, қайтыс болған әйелге қатысты пікірін білдірді.



Өзгелердің жаңалығы