Қазақстандық теннисшілер Страсбургтегі турнирде бақ сынайды

22 Қыркүйек 2020, 05:48
984
Бөлісу:
Қазақстандық теннисшілер Страсбургтегі турнирде бақ сынайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Францияның Страсбург қаласында теннистен жүлде қоры 225 500 еуроны құрайтын халықаралық турнир басталды, деп хабарлады Olympic.kz.

Турнирдің бірінші айналымында қазақстандық Зарина Дияс америкалық Кристина Макхэйлге қарсы ойнайды.

Ал тағы бір отандасымыз Елена Рыбакина бельгиялық Гретье Минненмен кортта кездеседі.

Айта кетелік, жарысқа жалпы есебі 32 спортшы қатысуда. 


Өзгелердің жаңалығы