Бас жаңалықтар
Қазақстандық құзға өрмелеуден Токиода өтетін Олимпиадаға жолдама алды
20 Тамыз 2019, 05:25 305

Қазақстандық құзға өрмелеуден Токиода өтетін Олимпиадаға жолдама алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан командасының мүшесі Ришат Хайбуллин 2020 жылғы Токио Олимпиадасына қатысу нормативін орындады, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Бұл күндері Жапонияның Хатиодзи қаласында спорттық құзға өрмелеуден әлем чемпионаты өтіп жатыр. Көпсайыстан іріктеу сынына әлем кубогі кезеңдерінде мейілінше жоғары ұпай жинаған 20 спортшы қатысқан болатын. 

Финалға жолдама алған жеті спортшы Олимпиада нормативін орындады. Ал бір лицензия автоматты түрде олимпиада қожайыны саналатын Жапония спортшысына беріледі. 

Әлем чемпионатының көпсайыс финалына төрт жапондық спортшы өтті. Бұл Ришат Хайбуллиннің Олимпиада нормативін орындағанын растайды. Өйткені, бір елден екі спортшы ғана 2020 жылғы Олимпиадаға қатыса алады. 

"Іріктеу жүйесі бойынша, Олимпиаданың жеті жолдамасы әлем чемпионатында ойнатылды. Ал бір лицензия құрлық додасында беріледі. Сондай-ақ, желтоқсан айында лицензиялық турнир өтеді. Ришаттың көпсайыстан алғашқы жиырмалыққа енетініне сенімді болдым. Хайбуллин 20 спортшының арасына 14-ші нәтижемен өтті. Сондай-ақ, іріктеуге 39 елден 83 спортшы қатысқан болатын. Келесі кезеңге өткен спортшылардың аяқ алысын бақылаған соң, Ришаттың Олимпиада нормативін орындау мүмкіндігі бар екенін түсіндік. Ришат «жылдамдық» бойынша Қазақстанның жаңа рекордын орнатты – 5, 863 секунд. Бұл оның жоғары көтерілуіне мүмкіндік берді", - дейді команданың бас бапкері Сәуле Искакова. 

Айта кетейік, спорттық құзға өрмелеуден Токиода алғаш рет Олимпиада жүлдесі таратылады. 2016 жылы өткен Халықаралық Олимпиада комитетінің сессиясында аталған спорт түрі Олимпиада бағдарламасына енді. 

Бүгінге дейін #TEAMKZ спортшылары 11 лицензия жеңіп алды. Атап айтар болсақ, жүзуден Дмитрий Баландин (100, 200 метрге брасс әдісімен жүзу), жеңіл атлеттер Ольга Рыпакова мен Георгий Шейко, велоспорттан Евгений Гидич, садақ атудан Қазақстан құрамасы (жекелей сынға Денис Ганькин, Ильфат Абдуллин және Санжар Мұсаев қатысады) және ашық суда жүзуден Виталий Худяклв Олимпиадаға жолдама алды. 



Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық