Қазақстандық спортшы Италиядағы жарыста топ жарды

20 Қыркүйек 2019, 02:44
1792
Бөлісу:
Қазақстандық спортшы Италиядағы жарыста топ жарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан чемпионы Алексей Луценко беделді италияндық бір күндік жарыс «Коппа Сабатинидің» жеңімпазы атанды, деп хабарлады Prosports.kz.

Алексей мәреге ұзақ қашықтық қалған кезде шабуылға шығып, 30 шақырымдай жеке-дара көш бастады. Нәтижесінде ол мәре сызығын екінші орындағы қарсыласынан бір минут бұрын кесті.

Осылайша, Луценко осы жексенбіде Йоркширде басталатын әлем чемпионатында фавориттердің қатарында болмақ.

Айта кетейік, Қазақстан чемпионы маусымдағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізіп отыр. 

 

Өзгелердің жаңалығы