Қазақстандық әншілер Қытайда өнер көрсетеді

17 Желтоқсан 2019, 11:43
7633
Бөлісу:
Қазақстандық әншілер Қытайда өнер көрсетеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Концерт Қазақстандағы Қытай елшілігі мен Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің қолдауымен өткізіледі, деп хабарлады pavlodarnews.

Концертке "Нұр" би ансамблі, "Ретро" вокалдық ансамбль, "Samiуan" вокалдық тобы, сонымен қатар, халықаралық байқаулардың лауреаттары Серік Рысбек, Наталья Процкая, Салтанат Темірханова қатысады, - деді филармонияның Иса Байзақов атындағы облыстық филармония бас редакторы Сәуле Мұқаева.
Барлығы филармонияның 17 әртісі барады. Қытай тұрғындары әйгілі қазақ композиторлары Естай Беркімбаевтың "Құсни - Қорлан", Нұрғиса Тілендиевтің "Құстар әні" сияқты туындыларын тыңдайтын болады.

Айта кетейік, қытайлық Үрімжі қаласына гастроль ҚР мәдениет және спорт министрлігімен ұйымдастырылған. Облыстық филармония шығармашылық ұжымдарының қатысуымен ұйымдастырылған концерт "Шыңжаң Ұйғыр автономиялық аймағындағы іс-шараларға шығармашылық ұжымдар мен жеке әншілердің қатысуын қамтамасыз ету" бағдарламасы аясында өтеді.

Еске салайық, қазан айында Иса Байзақов атындағы филармонияның 80-нен астам әртісі, оның ішінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Талғат Кәрімовтің жетекшілігендегі қазақ халық аспаптар оркестрі Новосібір мен Омбыға гастрольдік сапармен барды. Сонымен қатар, қарашада оркестр Малайзияда өткен халықаралық фестивальге қатысты.
Өзгелердің жаңалығы