Қазақстандық боксшы WBC жастар чемпионы атанды

27 Қаңтар 2019, 15:15
1961
Бөлісу:
Қазақстандық боксшы WBC жастар чемпионы атанды

Астана, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (6-0, 6 КО) кәсіпқой бокстағы жетінші жекпе-жегін өткізді.

Канаданың Монреал қаласында өткен бокс кешінде ол «Питбуль» деген лақап аты бар 22 жастағы мексикалық Абрахам Хуареспен (13-1) кездесті. Жекпе-жекте жастар арасында алғашқы орта салмақтағы WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы белбеуі тігілді. Ахмедов қарсыласын екі рет нокдаунға, төртінші раундта нокаутқа жіберіп жеңіске жетті. Осылайша, Садриддин кәсіпқой бокстағы жетінші жеңісіне ие болса, ал қарсыласы екінші рет жеңіліс тапты. Сондай-ақ, Ахмедов кәсіпқой бокстағы алғашқы белбеуіне қол жеткізді.

Еске сала кетсек, қазақстандық боксшы әуесқойлар арасында әлем чемпионы атанған болатын.

Өзгелердің жаңалығы