Қазақстанда қонақ үйлерге тұрақтайтындар азайған

1 Қараша 2019, 09:45
2320
Бөлісу:
Қазақстанда қонақ үйлерге тұрақтайтындар азайған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда қазіргі уақытта қонақ үйлерге тұрақтау деңгейі төмен.

Еnergyprom.kz сайтының мәліметінше, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында қонақ үйлерге орналасу 22,3%-ды құрады.

Бұл ретте, орналасу деңгейі жоғары аймақ Батыс Қазақстан облысы болды – 32,8%. Сонымен қатар, Алматы қаласы — 26,5% және Шығыс Қазақстан облысы (26,3%) да жүктемесі жоғары аймақтар қатарында. ТОП-5 өңірге Қостанай — 25,9% мен Атырау облыстары — 25,7% кірді.

Ал ел астанасында қонақ үйлерге орналасу деңгейі 23,5%-ды құрады.

Қонақ үйлердің толтырылуының ең төмен көрсеткіші Қызылорда (13,8%) және Ақмола (13,9%) облыстарында тіркелді.

Өзгелердің жаңалығы