Бас жаңалықтар
Қазақстан-Испания арасында 7 әуе рейсі шығады - СІМ
01 Сәуiр 2019, 17:20 786

Қазақстан-Испания арасында 7 әуе рейсі шығады - СІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан мен Испания арасындағы кезекті саяси консультациялар шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтар туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров брифинг барысында айтты.

"Мадрид қаласында өткен Қазақстан мен Испания арасындағы кезекті саяси консультациялар шеңберінде екі елдің авиациялық биліктері арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылып, екі ел арасында тікелей авиарейстерді ашуға құқықтық негіз қалайтын әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісімнің мәтіні дәйектелді. Қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес екі тараптан тағайындалған авиакомпаниялар әуе кеменің кез келген түрінде аптасына 7-ге жуық тұрақты пассажирлік және құрамдастырылған рейстерді, сондай-ақ 7-ге жуық тұрақты жүк рейстерін орындау құқығына ие болды", - деді Смадияров.

Испания сауда айналымы бойынша Қазақстанның ең ірі 10 сауда серіктестерінің қатарына кіреді. 2018 жылы екіжақты тауар айналымы 20% артып, 2 млрд. доллардан асты. 2005 жылдан бастап 2018 жылдың 3-ші тоқсанына дейін Испаниядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағымы 205 млн. АҚШ долларын құрады. Қазақстанда испан капиталы бар 66 кәсіпорын тіркелген. Тікелей әуе қатынасын іске қосу Нұр-Сұлтан мен Мадрид арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға жаңа серпін бере алатыны анық.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық