Бас жаңалықтар
Қазақстан аумағынан мал шығаруға тыйым салынды
15 Қазан 2019, 08:25 202

Қазақстан аумағынан мал шығаруға тыйым салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ауыл шаруашылығы министрі мен ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары, қаржы министрі ауыл шаруашылығы жануарларын сыртқа шығаруға қатысты бірлескен бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

ҚР ауыл шаруашылығы министрінің аталған №1118 бұйрығы 2019 жылдың 10 қазанында шықты. Сонымен қатар, сол күні ҚР премьер- министрінің бірінші орынбасары, қаржы министрінің №368 нөмірлі бұйрығы шықты.

«6 ай бойы ірі қара малдарды, атап айтқанда 1 жасқа дейінгі және 1 жастан жоғары ұрғашы бұзау мен сиырды Қазақстан аумағынан шығаруға тыйым салынады. Сондай-ақ, ұрғашы қой мен ешкі және оның лақтарын шығаруға да тыйым салынады», - делінген бұйрықта.

Сондай-ақ, аталған бұйрықты ауыл шаруашылығы министрлігінің Еуразия экономикалық комиссиясына хабарлау керектігі айтылған.

 


Фото: дереккөз
Загрузка...