Қазақ еліне қол ұшын беру мақсатында келдік – РФ Денсаулық сақтау вице-министрі

6 Шілде 2020, 21:50
1412
Бөлісу:
Қазақ еліне қол ұшын беру мақсатында келдік – РФ Денсаулық сақтау вице-министрі
PHOTO VIDEO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау вице-министрі Олег Гриднев Қазақстанға келген дәрігерлер құрамында Мәскеу облысындағы госпитальдардың, федералды орталықтардың, Роспотребнадзордың мамандар екенін айтты.

0E2CDC28-E0C6-4F6B-B940-DE62D246FDB4.JPEG
Инфекционистер, реаниматолог, пульманолог, эпидемиолог мамандар. Дәрігерлердің негізгі құрамын Мәскеу облысының мамандары құрайды. Соңғы кездері Мәскеу аумағындағы сырқаттану деңгейі төмендеп келеді. Сондықтан бірқатар маманның жүктемесі азайған соң, бауырлас Қазақстан еліне қол ұшын беру мақсатында келдік, - деді ол.
D14D77DB-EDD7-4A62-B9C0-6269506E876E.JPEG
   
Олег Гриднев негізгі жұмыс жоспары ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен ақылдаса отырып шешілетінін жеткізді.
Ең алдымен, қазақстандық әріптестерімізбен пациенттерді реанимациялық, амбулаторлық, госпитальдық кезеңдегі емдеу әдістері бағытында тәжірибе алмасқымыз келеді. Себебі, Ресейдің коронавируспен күресте біраз тәжірибесі бар, сол тәжірибемен бөлісуге дайынбыз. Сіздердің елдеріңізге келген мамандардың бұл бағытта берері көп. Сапардың ұзақтығы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Біз елдегі жағдайдың қандай екенін түсінуіміз керек, - деді ол. 
B2EE69C1-0E9C-4155-8A41-A26BBD280238.JPEG
   
Бұған дейін Қазақстанға 32 адамнан тұратын ресейлік бір топ дәрігер келгенін хабарлаған болатынбыз. Ал ресейлік әріптесін күтіп алу барысында ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов ресейлік дәрігерлер біздің қазақстандық дәрігерлермен бірлесіп, Нұр-Сұлтан қаласында, сондай-ақ, эпидемиологиялық шиеленіскен өңірлерде тәжірибе алмасатынын айтты.


Өзгелердің жаңалығы