ҚазҰУ ғалымдары тиімділігі жоғары антисептик жасап шығарды

8 Сәуір 2020, 11:52
1660
Бөлісу:
ҚазҰУ ғалымдары тиімділігі жоғары антисептик жасап шығарды

Алматы, BAQ.KZ.  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары медициналық практикада және коронавирустың алдын алуда қолданылатын антисептик  жасап шығарды.

ҚазҰУ-дың "Жаңа химиялық технологиялар және материалдар" ҒЗИ ғалымдары Сайтама университетіндегі жапондық әріптестерімен бірлесе отырып жаңа тиімді дезинфекциялық құралдар мен тері антисептиктерін жасау технологиясын әзірледі. Еліміздің медициналық мекемелерінде жүргізілген алдын-ала сынақтар бұл құрамдардың тиімділігі жоғары екенін көрсетіп, оң пікірге ие болды.
Бірлескен жұмыс барысында хирургтар мен медициналық қызметкерлердің қолдарын, сондай-ақ операциялық және инъекциялық алаңды өңдеуге арналған тері антисептигі әзірленді. Оның тиімділігі М. Айқымбаев атындағы Ұлттық аса қауіпті инфекциялар ғылыми орталығының аккредиттелген зертханасының қорытындысымен расталды, - делінген хабарламада.

Бүгінде ҚазҰУ ғалымдары Қазақстанда өсетін өсімдік экстрактілерін дезинфекциялау құралдары мен тері антисептиктерінің құрамында пайдалану бойынша зерттеулер жүргізуде. Химиялық компоненттерді өсімдік сығындыларына ішінара ауыстыру тиімді және қолдануға ыңғайлы жаңа препараттарды шығаруға мүмкіндік береді.
Өзгелердің жаңалығы