Бас жаңалықтар
Аягөзде әскери қызметшілерге 60 пәтерлі үй пайдалануға берілді
08 Желтоқсан 2020, 16:29 297

Аягөзде әскери қызметшілерге 60 пәтерлі үй пайдалануға берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аягөз гарнизонының «Оңтүстік» әскери қалашығында 60 пәтерлі үй пайдалануға берілді, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Аягөз гарнизонының әскери қызметшілері мен отбасы мүшелеріне «Оңтүстік» әскери қалашығында жөндеуден өткен 60 пәтердің кілті салтанатты түрде табыс етілді. 


Бұл көп әскери қызметшінің тұрғын үй мәселесін шешуге, оларға әскери қызметті атқару үшін қажетті жағдаймен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Жаңа пәтерлер толықтай ішкі әрлеу жұмыстарынан өтті. Оларға электр плиталары, су жылытқыштар және киім-кешек шкафтары қойылған. Өрт дабылы қосылып, электр энергиясы мен су есептегіш құралдары орнатылған. Үй отқа төзімді материалмен қапталған. Аулаға асфальт төселіп, онда балалар ойын алаңы мен жаттықтыру құралдары орнатылған спорт алаңы жабдықталған.


Әскери қалашықтың көптеген тұрғын үй ғимараты өткен ғасырдың 70-90 жылдары салынған. Күрделі жөндеу нәтижесінде барлық үй жаңа кейіпке ие болып, өмір сүруге қолайлы әрі жайлы қалыпқа енді.

 


Фото: дереккөз
Загрузка...