Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Комиссия ерлер ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Сергей Седовты қызметінен шеттету туралы шешім қабылдады.
Тергеу барысында комиссия 2021 жылғы 28 қыркүйектен бастап мән-жайлар анықталғанға және қызметтік тергеу жөніндегі Тәуелсіз комиссия тиісті қорытынды шығарғанға дейін ерлер ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Сергей Седовты қызметінен шеттету туралы шешім қабылдады, - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Алматы облыстық Полиция департаменті ауыр атлет Альберт Линдердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын. Осыған байланысты ААФ тергеуге қажетті барлық қолдауды көрсетуге ниетті.