Ауылда кедейлік деңгейі қаладан 2,4 есеге жоғары

27 Сәуір 2020, 10:15
2813
Бөлісу:
Ауылда кедейлік деңгейі қаладан 2,4 есеге жоғары

Алматы, BAQ.KZ.  Қалада табысы күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2,7%-ды, ал ауылдық жерде  6,6%. Мұндай мәліметті  ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті таратты.

Үй шаруашылықтарын зерттеу деректері бойынша табысы ең төменгі күнкөріс  деңгейінен төмен халықтың үлесі 2019 жылы 4,3% құраған.

Сонымен қатар, қалалық және ауылдық жердегі табыстардың айтарлықтай саралануы сақталуда.  Осылайша, қалалық жерде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2,7%-ды, ал ауылдық жерде  6,6%-ды  құрады. Ауылдық жердегі кедейліктің деңгейі қалалық деңгейден 2,4 есеге жоғары,-делінген хабарламады.

Диаграммада өңірлік бөліністе  елді  мекен типі  (қала/ауыл) бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халық  үлесінің саралануы  көрсетілген. 2019 жылы кедейліктің ауылдық және қалалық деңгейлері арасында айырмашылық Маңғыстау (13,6 есе), Атырау (7,3 есе) және Шығыс Қазақстан (3,8 есе) облыстарында анағұрлым байқалды.

2019 жылы өңірлер бөлінісіндегі кедейлік деңгейін қарастыратын болсақ, кедейліктің ең жоғары мәндері Түркістан (10,8%), Шығыс Қазақстан (6,2%), Солтүстік Қазақстан (5,6%)  облыстарында, ең аз үлесі – Нұр-Сұлтан (1,1%) қаласында  байқалғанын  атап өткен жөн.

Табыстарды бөлудегі саралануды бағалау үшін табыстары үлестері бойынша халықтың әрбір 10 пайыздық топтары табыстарының жалпы көлемі бойынша салыстырмалы деректер қолданылады, сондай-ақ Джини коэффициенті 2019 жылы 0,290 құрады.

Өзгелердің жаңалығы