Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды

16 Қаңтар 2019, 08:35
1519
Бөлісу:
Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары сәрсенбі күні қай қалада ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады.

"2019 жылғы 16 қаңтарда Қарағанды және Теміртау қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары сақталады, ал Астана, Ақтөбе және Балқаш қалаларында күтіледі", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы