Бас жаңалықтар
Ауа райы. Еліміздің 5 облысында ескерту жарияланды
11 Сәуiр 2021, 21:11 940

Ауа райы. Еліміздің 5 облысында ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 12 сәуірдегі ауа райына байланысты  Қазақстанның 5 өңірінде ескерту жарияланды. 

Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл, бұршақ болуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 23-28 м/с жетуі ықтимал. 

Шымкент қаласында 12 сәуірде таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі. 

Қарағанды облысында кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. 

Жезқазған қаласында солтүстік-шығыстан 15 м/с жылдамдықпен жел соғады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...