Бас жаңалықтар
4 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
04 Қаңтар 2019, 08:15 490

4 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Aстана, baq.kz. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, жұма күні ел аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерде қар жауып, көктайғақ болады. Тұман түсіп,  жел күшейеді. 


Aлматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерде тұман түсуі мүмкін.

Түркістан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түсуі ықтимал, жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде бұрқасын болып, тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Aтырау облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Aқмола, Aқтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түсуі ықтимал.


Сізден жаңалық