Бас жаңалықтар
Атырауда жоғалған 1,5 жасар баланың денесі табылды
22 Мамыр 2020, 11:14 151

Атырауда жоғалған 1,5 жасар баланың денесі табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда жоғалып кеткен 1,5 жастағы баланың денесі үйінің қасынан табылды. Бұл туралы өңірдің Жедел штабы мәлімдеді.

Белгілі болғандай, баланың мәйіті үйінің жанындағы септиктен табылған.

Бұрын хабарланғандай, жоғалған баланы іздеуге жүзден астам полицей, 50 әскери қызметші, ТЖД 16 қызметкері және 400-ге жуық ерікті қатысты.

Сондай-ақ 20-дан астам автотехника, үш дрон, екі қызметтік ит жұмылдырылды. 1,5 жастағы Әли 20 мамыр күні шамамен 13.30-да үйден шығып кетіп, оралмаған.

Azh.kz жазуынша, жақын маңдағы бақылау камерасының жазбасында баланың аулада тұрғандығы көрінеді, кейін ол жерден қозғалады. Олжас Сұлтановтың айтуынша, баланың анасы бірнеше минутқа үйге кіріп, бала далада қалады. Әйел сыртқа шыққан соң баласын айнала іздеп, таба алмай қалады.


Фото: дереккөз
Загрузка...