Бас жаңалықтар
Атырауда армениялық 160 көлік тіркелді
07 Маусым 2020, 11:05 138

Атырауда армениялық 160 көлік тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маусымның 1-нен бері Атырауда Армениядан әкелінген 160-астам көлік тіркелді, деп хабарлады Polisia.kz.

Маусымның 1-нен бастап елімізге 2020 жылдың 1 ақпанына дейін Армениядағы әкелінген автомобильдер есепке алынып жатыр. Атырау облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Мырзалы Өтеғалиевтың айтуынша, көлікті тіркеу құны 11 946 теңгені құрайды. Оның 695 теңгесі тіркеу үшін алым, техникалық төлқұжат үшін – 3 773 теңге, мемлекеттік нөмір үшін – 7 778 теңге төлеу керек.
Есепке алынған көліктерге тек сары нөмір беріледі, өйткені көлік Арменияның уәкілетті органдарында есепте тұрғандықтан, тіркеу кезінде, Қазақстанда оларға басқа мемлекетте тұрақты тіркелген көлік құралдары үшін сары түсті нөмірлер беріледі. Айта кетерлігі, оң жақ рөльді көліктер тіркеуге жатпайды,- делінген ақпаратта.
Атырау облысында Армениядан алып келген 7000-ға жуық көлік бар. Армениядан алып келген көліктерді тіркеу 1 маусым – 1 қыркүйек аралығында жүргізіледі. Полиция департаментінің ӘПБ бастығының айтуынша, көлік Армениядан алып келген адамның атына ғана тіркеледі.

Тіркеу үшін Атырау-Астрахань тас жолы бойындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына келуі керек. Көлік иесінің қолында жеке куәлік пен көлік құжаттары болуы тиіс. Полиция департаментімен Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында арнайы ашылған Call-орталығына күні бүгін 300-ге жуық Атырау тұрғындары сауалдарына жауаптар алды. Көліктерді тіркеу дүйсенбі-сенбі күндері 09.00-20.00, жексенбі күні 09-13.00 аралығында жүзеге асырылады.



Фото: дереккөз
Загрузка...