Атырау облысында түлектерге Абайдың кітабы тарту етілді

7 Маусым 2020, 10:05
1911
Бөлісу:
Атырау облысында түлектерге Абайдың кітабы тарту етілді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов мектеп бітіруші түлектермен онлайн кездесу өткізіп, "Абайдың қара сөздері" кітабын тарту етті, деп хабарлады Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.  

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов биылғы мектеп бітіруші түлектермен онлайн кездесу өткізді. Оған Атырау қаласы және аудандар мен ауылдардан 20-дан астам оқушы қатысты. Олардың көпшілігі әлеуметтік жағынан аз қамтылған, сонымен қатар, көп балалы отбасынан шыққан, жетім немесе жартылай жетім дарынды мектеп түлектері. Барлығы дерлік, әр салада белгілі бір жетістікке жеткен, облыстық, республикалық сондай-ақ халықаралық олимпиадалар мен түрлі салаларда жүлделі орыннан көрінген жастар.  

ГУЛИМ.jpeg

Аймақ басшысы жастармен емен-жарқын әңгімелесіп, ой-армандарын біліп, өз кезегінде ақыл-кеңесін де айтты. Түлектер алдағы Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықтары жайлы, таңдаған мамандықтары туралы айтып, тіпті қазіргі қоғамдағы мәселелерге қатысты да  өз пікірлерін білдірді. 

Атырау қаласы Ә.Жангелдин орта мектебінің түлегі  мобильді қосымша жасап "Жас өнер тапқыш" атанған Эльдар Құрмаш болашағын ақпараттық технологиямен байланыстырғысы келетінін айтты. 
Әлемде IT қазір өте қарқынды дамуда. Ешбір саланы онсыз елестету мүмкін емес. Жаһандық пандемия цифрландырудың маңызын тағы да көрсетті. Еліміз де аталған салаға айрықша көңіл бөліп келеді. Қазірден бастап жаңа технологияның тілін табу өте маңызды. Бүгін мобильді қосымша жасасаң, ертең IT саласында адамзаттың игілігіне айналатын жаһандық деңгейдегі жаңалық ашарыңа сенеміз, арманыңа жет,-деп тілегін білдірді Махамбет Досмұхамбетов.
Сонымен қатар, аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілеп, оқытушыларға алғысын білдірді.  

Кездесуді Атырау қаласы Амангелді атындағы орта мектебінің түлегі Айбек Кәрімов Абайдың "Айттым сәлем, Қаламқас" әнімен түйіндеді. 

КАРАК.jpeg

Ал облыс әкімі қала атынан қатысқан оқушылар мен білімді шәкірттер тәрбиелеп кәсіби бағыттағы жетістіктерімен танылған педагогтарге Абайдың "Қара сөздері" кітабын табыс етті. Ал шараға онлайн қатысқан түлектердің барлығына облыс әкімінің сыйлығы жеткізіліп беріледі.
 









Өзгелердің жаңалығы