Бас жаңалықтар
Атырау облысында сотталған әйелдер сұлулық сайысында сынға түсті
18 Сәуiр 2019, 17:18 563

Атырау облысында сотталған әйелдер сұлулық сайысында сынға түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/11 мекемесінде сотталған әйелдер арасында «Қазақ аруы – 2019» сайысы өтті. Бұл туралы ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Имани тәрбиенің негізі болып саналатын қазақ халқының салт-дәстүрлерін және мәдениетін жастар арасында дәріптеу, жазасын өтеуші қыз-келіншектердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында өңірдегі әйелдер колониясында сұлулық сайысы өткізілді.


Сайыс үш бөлімнен тұрды, әрбір бөлімге үлкен дайындықпен келген қыздар шығармашылығын көрсетіп, өнерден құралақан емес екендерін көрсетті.

«Ұлттық нақыштағы түрлі-түсті киімдер сахнаның сәнін келтіріп, әдемі әуен мен мың бұралған билер көрермендерге нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлады», - делінген хабарламада.


Комитеттің баспасөз қызметінің мәліметінше, шараның нәтижесі бойынша «Қазақ аруы – 2019» тәжі сайыстың бас жүлде иегері атанған алаяқтық бабы бойынша жазасын өтеп жатқан С.Елеуоваға бұйырды.

Барлық қатысушыларға «Шапағат» қоғамдық қорының дипломы мен құнды сыйлықтары табысталды, ал басты жүлдегер тігін машинасын алды.

Айта кеткен жөн, аталған сұлулық сайысының басты демеушісі «Шапағат» қоғамдық қоры болды.


Фото: дереккөз

Сізден жаңалық