Атыраулықтар бітпеген моншаны шығармашылық орталыққа айналдырмақшы

20 Ақпан 2019, 17:00
2266
Бөлісу:
Атыраулықтар бітпеген моншаны шығармашылық орталыққа айналдырмақшы

Атырау, BAQ.KZ. Қазіргі таңда нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Бұл туралы аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев тұрғындар алдында есеп беру кездесуінде мәлімдеді.

"Бүгінде біз әуежай бойында орналасқан аяқталмаған моншаға тағы екі қабатты қосуды жоспарлап отырмыз. Қалада шығармашылық орталық ашу керек", - деді Нұрлан Ноғаев.

Атырау облысының әкімі атап өткендей, кәсіпкерлердің бірі мекеменің құрылысына келісімін берді. Жаңа шығармашылық орталығында түрлі шығармашылық мамандықтар - суретшілер, сәулетшілер, ақындар, мүсіншілер, қолөнершілер және басқа да адамдар жұмыс жасайтын болады. Мұнда ересектер мен балалар өнерге үйретіледі.

Сондай-ақ, аймақ басшысы моншаның жанында орналасқан киноконцерт залының да құрылысы аяқталып, оның мәртебесі өз қалпында қалатынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы