Атамекенге көшіп келетіндер үшін квота азаймайды – Сапарбаев

28 Қараша 2019, 10:35
2753
Бөлісу:
Атамекенге көшіп келетіндер үшін квота азаймайды – Сапарбаев
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. "Отандастар қоры" КЕАҚ мен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы "Отандастар. Болашаққа бағдар" атты халықаралық дөңгелек үстел өткізіп жатыр. 

Осы жиын барысында ҚР премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев шеттен келетін қандастарымызға қатысты біраз мәселенің басын ашып берді. 
Шетелден көшіп келетін қандастарымыз үшін квота көлемі азаймайды. Бұған дейін қанша квота беріліп келсе, сол деңгей сақталады, -  деді ол. 
Сонымен қатар Бердібек Сапарбаев шетелдегі қандастардың балаларына берілетін гранттар саны артқанын, олардың оқуы үшін Қазақстан барлық мүмкіндікті жасайтынын айтты.
Өзгелердің жаңалығы