Асылбек Қожахметов: Менеджмент саласын дамыту керек

27 Мамыр 2020, 18:58
2772
Бөлісу:
Асылбек Қожахметов: Менеджмент саласын дамыту керек
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Қазақстанның азаматтық альянсы" ЗТБ президенті Асылбек Қожахметов  Президент қатысуымен өткен Ұлттық кеңес отырысында көтерілген мәселелерге қатысты өз пікірін білдірді.

Бүгінгі жиын барысында көп мәселе талқыланды. Мен өз басым тоғыз мәселені көтердім. Олардың ішінде Президент төртеуін қолдады. Білім саласын толығымен қарастырдық деп айта аламын. Мектеп, ЖОО, колледждердегі білім саласы қандай, мәселелер бар ма, соның барлығы дерлік бүгін ашық талқыланды. Мен ең алдымен ЖОО арасындағы бәсекелестік мәселесін көтердім. Жекеменшік және ұлттық университет деген ұғымдр болмауы керек деп есептеймін, - деді ол. 

Сонымен қатар, Ұлттық кеңес отырысында ауылдық жақтардағы түлектердің  ҰБТ тапсыра алмағаннын кесірінен ЖОО-на түсе алмай жүргендері талқыланған.
Бірақ олардың ешқандай кінәсі жоқ. Оған көп себептер бар. Мұғалімнің жоқтығы, сабаққа немқұрайлы қарайтын ауылдық жерлер бар. Ауылдан келген балаларға ешқандай бәсекелессіз грант беру беру керек, - деді Асылбек Қожахметов.

Асылбек Қожахметов  жеңілдетілген несиелер туралы сөз қозғаған.
Қазір 15-20%-дық коммерциялық несиелер бар. Оны кім алады? Ол кімге пайда әкеледі?  Осы орайда Президент арнайы жүйе жасау керектігін айтты. 3-4%-дық несиелер болса, кез-келген адам алады. Ол не үшін қажет деген сауал туындауы мүмкін. Қазір көп түлектер грант бар жерге ғана барады. Ал осы несие арқылы кез-келген түлек өзі қалаған мамандығын таңдап оқи береді. 10-15 жылдан кейін қайтарып береді, - деді ол. 

Сонымен қатар, жын барысында басқару мәселесі де көтерілген. 
Басқаруды кез-келген деңгейде жетілдірген дұрыс. Қандай мекеменің басшысы болмасын қызметін бастар алдында басқару жүйесі туралы оқудан өту керек деп ойлаймын, - деді өз сөзінде ұлттық кеңеске қатысушы Асылбек Қожахметов.
Өзгелердің жаңалығы