Қастеев музейінде ерекше көрме өтеді

29 Қаңтар 2019, 15:11
2395
Бөлісу:
Қастеев музейінде ерекше көрме өтеді

Астана, BAQ.KZ. Алматыда Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде 1 ақпан күні заманауи дигиталды графика өнерінің ерекше көрмесі ашылады.

Есімдері қазақстандық журналистикада танымал Алена Веселова және Надежда Беседина көркемдік төл туындыларын музей кеңістігінде алғаш рет ұсынғалы отыр. Бұл – олардың шығармашылықтарының кең ауқымды көрмесі. Көрме екі бөлімнен тұрады: «Векторлар» - Алена Веселованың көрмесі, «Дара есім» - Надежда Бесединаның көрмесі. Екі автор да бейнешілдікке мәтіндер арқылы келді, сондықтан әдебилік – олардың графикасының ортақ ерекшелігі. Екеуі де бір техникада (цифрлы технологиялар) жұмыс істей отырып, түбегейлі қарама-қайшы бейнелер жасайды.

Компьютерлік графика – бұқаралық ақпарат құралдары кеңістігінде кеңінен танымал, бірақ жоғары өнер ретінде толық танылмаған құбылыс, өзекті өнердің бірқатар маңызды қасиеттеріне ие: әмбебаптық, айқындылық, ықшамдылық, кекесінділік.

Бұл қос көрме жасы, мінез-құлқы, темпераменті мен көзқарастары әр түрлі көрермендерді бей-жай қалдырмайды. Көрме біздің заманауи әлем қандай? деп толғанған әрбір жан үшін қызықты болмақ.    

Өзгелердің жаңалығы