Астананы Нұр-Сұлтан атауына өзгерту - уақыт талабы

23 Наурыз 2019, 19:34
2287
Бөлісу:
Астананы Нұр-Сұлтан атауына өзгерту - уақыт талабы

Ақтөбе облысы, BAQ.KZ тілшісі. "Nur Otan" партиясы Ақтөбе облыстық филиалының өкілдері Астана қаласының атауын Нұр-Сұлтан деп өзгертілуін уақыт талабы және әділдікке негізделген шешім деген пікірде.

Ақтөбе облыстық мәслихаты жанындағы "Nur Otan" партиясы депутаттық фракцияның мүшесі, партияның саяси кеңесінің мүшесі Тахталифум Есенғұловтың айтуынша, Қазақстан мемлекетінің негізін қалаған азаматтың есімімен бас қаланы атау заңдылық іспеттес. 

«Мен - 90-шы жылдарды көрген өндірістік саланың өкілімін. Кеңес Одағы ыдырағанда Қазақстанның экономикасы да құрдымға кетіп, алты айдай айлық алмаған кездерді бастан өткердік. Сол шақта Тәуелсіздігімізден айырылып қаламыз ба деп те қорықтық. Осы кезде Нұрсұлтан Назарбаев көпұлтты елімізді ауызбіршілікке шақырып, басымызды қосып, байсалды, жігерлі шешімдерді қабылдай білді. Елдің болашағын жарқын етуге байыпты қадамдар жасады. Елімізді шетелден инвестициялар тартылып, жағдайымыз түзеле бастады. Өндірістік әлеуетіміз артып, экономикамызды ел болып көтердік. Ең бастысы - дана саясат», - дейді Тахталифум Есенғұлов.

Тахталифум Есенғұлов Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің ақ таңын армандаған халықтың тілегін орындаған алып тұлғаға балайды.

«Нұрсұлтан Назарбаев Одақтан кейінгі кезеңде кез келген саланың дамуына сүбелі үлес қосты. Сондықтан, қазақты біріктірген тұлғаның есімін бас шаһарға беру өте орынды. Енді Нұр-Сұлтан қаласы келер ұрпаққа аманат болмақ. Артымыздан ерген жастар Тұңғыш мемлекетіміздің үмітін ақтайтынына сенім мол», - дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы