«Астана су арнасының» бұрынғы басшысы 2 пәтер мен 60 мың доллар сомасында пара алған

4 Сәуір 2019, 17:05
2797
Бөлісу:
«Астана су арнасының» бұрынғы басшысы 2 пәтер мен 60 мың доллар сомасында пара алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментімен ШЖҚ «Астана су арнасы» МКК-нің бұрынғы басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұл туралы ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин мәлімдеді.

«Ол ЖШС пайдасына офистік және жертөле үй-жайларын беру туралы қосымша келісім жасасу және тұрғын үй кешенін кәсіпорын теңгеріміне қабылдау-тапсыру актісіне қол қою үшін ЖШС директорынан тұрғын үй кешенінде 2 пәтер түріндегі және 60 мың АҚШ доллары сомасындағы пара алуда күдікті деп танылуда», - деді Агенттік өкілі.

Оның айтуынша, кінәсін толық мойындауына байланысты оған процестік ұстау қолданылған жоқ. Тергеу жалғасуда.

Сондай-ақ, Жамбыл облысында тіркеу-емтихан бөлімінде парақорлық фактісінің жолы кесілген. 

«Іс жүзінде теориялық және практикалық емтихандарды қабылдамай «В» және «Е» санаттарындағы жүргізуші куәліктерін алуға жәрдемдесу үшін екі азаматтан жалпы сомасы 102 мың теңге пара алған облыстың Шу аудандық полиция бөлімінің тіркеу-емтихан тобының мемлекеттік автоинспекторына (полиция майоры), сондай-ақ үш сыбайласына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Кінәсін толық мойындауына байланысты күдікті тұлғаларға қатысты процестік ұстау қолданылған жоқ», - деп айтты Агенттіктің қоғаммен байланыс департаментінің директоры.

Бұған дейін Сапасыз консервіленген етті сатуды ұйымдастырған комитет төрағасы 600 млн теңге залал келтіргені және Астана су арнасының бұрынғы басшысы парамен ұсталғаны туралы хабарлағанбыз.
Өзгелердің жаңалығы