Бас жаңалықтар
Астана мектептерінің бірінде STEAM-зертхана ашылды
PHOTO
14 Қазан 2021, 21:53 1831

Астана мектептерінің бірінде STEAM-зертхана ашылды

Нұр-Сұлтан, Елорданың №42 мектебінде мамандандырылған STEAM-зертхана ашылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге орайластырылған.

Зертхананың ашылуы «Шеврон» компаниясының қолдауымен Caravan of Knowledge білім беру ұйымы жүзеге асыратын School Upgrade бағдарламасының алғашқы іс-шарасы болды.

STEAM-әдістеме (Science, Technology, Engineering, Arts, Mathematics — ағылш. зертханада оқыту негізделетін ғылым, технология, инженерия, өнер, математика) оқушыларға мектеп бағдарламасынан материалды тиімді меңгеруге және әртүрлі ғылыми салалар арасындағы байланысты түсінуге көмектеседі. Сонымен қатар, STEAM-жобалар,  тапсырмалар мен міндеттер таңдалған қызметке қарамастан, әрі қарай оқу мен қызмет жолында пайдалы болатын дағдыларды - сыни және шығармашылық ойлауды, зерттеу дағдыларын, командада жұмыс істеу қабілетін, тайм-менеджментті, таныстыру дағдыларын дамытады.

Зертханалық жабдықтар — 3D-принтер, микроэлектроника және робототехника жиынтықтары, лазерлік гравировка машинасы және басқа да технологиялық құрылғылардың көмегімен оқушылар идеяларды жүзеге асырып, әр түрлі деңгейдегі жобалар жасай алады, олимпиадалар мен конкурстарға дайындала алады.

School Upgrade шеңберінде мектептер жаңғыртылған сыныптар мен зертханаларға ие болады, олардың жиынтығы мен дизайны оқу орнының талаптары мен бюджетіне, сондай-ақ мұғалімдердің құзыреттілігіне қарай жеке-жеке жасалады. Сонымен қатар, педагогтар жаңа зертханада білім алады, STEAM әдістемесін меңгереді, жобалық оқыту және зерттеу негізінде оқыту, дайын сабақ жоспарлары мен жобалары бар арнайы әдістемелік құралдар алады.

Сынып кеңістігін өзгерту №42 мектептің оқушылары мен мұғалімдері үшін сыйлық болды. School Upgrade бағдарламасымен біз басқа да қазақстандық білім беру мекемелері үшін - жалпы білім беретін мектептер, лицейлер мен гимназиялар, қосымша білім беру орталықтары мен оқушылар үйлері үшін осындай күрделі өзгерістер енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұдан әрі School Upgrade бағдарламасы бойынша басқа жалпы білім беретін мектептерді, лицейлер мен гимназияларды, қосымша білім беру орталықтары мен оқушылар үйлерін жаңғырту жоспарлануда — дейді «Caravan of Knowledge» жетекшісі Зарина Биюмбаева.



Фото: дереккөз
Загрузка...