"Астана" клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

14 Қаңтар 2020, 11:14
2616
Бөлісу:
"Астана" клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы бір жыл көлемінде Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтырған чех маманы Михал Билек "Астана" футбол клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Михал Қазақстан құрамасынан бөлек, өз еліндегі "Теплице", "Хмел", "Виктория" (Пльзень), "Спарта" (Прага), "Высочина", "Фастав" клубтарында және Чехия Ұлттық құрамасы мен жастар құрамасында бапкерлік қызмет атқарған. Сондай-ақ, Коста-Риканың "Картахинес", словакиялық "Ружомбероке", Грузияның "Динамо" (Тбилиси) клубтарында еңбек еткен.

Чехия ұлттық құрамасымен бірге Еуропа чемпионатының ширек финалына шығып, Чехияның жасөспірімдер құрамасымен ЕУРО біріншілігінде қола жүлдеге қол жеткізген. Сондай-ақ, "Спарта" командасымен ел чемпионатында топ жарып, Чехия кубогын жеңіп алған.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, футболдан Қазақстанның алты дүркін чемпионы "Астананың" украиналық бапкері Роман Григорчук қызметінен кетті.


Өзгелердің жаңалығы