"Астана" клубы "Манчестер Юнайтедті" жеңді

29 Қараша 2019, 00:30
9920
Бөлісу:
"Астана" клубы "Манчестер Юнайтедті" жеңді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Астана" өз алаңында өткен Еуропа Лигасының топтық кезеңіндегі англиялық "Манчестер Юнайтедке" қарсы мачта 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Бесінші тур ойыны 28 қараша күні "Астана Арена" стадионында өтті. Мачтың оныншы минутында МЮ ойыншысы есеп ашты. Бірінші тайм 1:0 есебімен аяқталды.

Ойынның екінші бөлігінде "Астана" футболшылары шабуылды үдетіп, нәтижесінде 55-минутта Дмитрий Шомко "Манчестер Юнайтед" қақпасына алғашқы голды соқты. 66-минутта Антонио Руковинаның қарсылас қақпасына бағыттаған соққысы МЮ дебютанты Дишон Бернардқа тиіп, автоголмен аяқталды. Ойынның қалған бөлігінде есеп өзгеріссіз қалды.

Осылайша "Астана" Еуропа Лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы ұпайына қол жеткізді. Ал плей-оффқа шығып қойған "Манчестер Юнайтед" үшін бұл жеңіліс тапқан алғашқы матчы болды. 

Матчты тамашалауға 28949 жанкүйер жиналды. Олардың арасында алыс-жақын шетелден келген МЮ жанкүйерлері аз емес.
Өзгелердің жаңалығы