Бас жаңалықтар
Astana Club сарапшысы ядролық қаруды таратпаудың жаңа шарттары қажет екенін айтты
12 Қараша 2019, 16:00 339

Astana Club сарапшысы ядролық қаруды таратпаудың жаңа шарттары қажет екенін айтты

Нұр-Сұлтан,  BAQ.KZ тілшісі. Вудро Вильсон атындағы халықаралық ғылыми орталығындағы Кеннан институтының директоры  Мэттью Рожански "Астана клубының" V отырысында ядролық қарусыздандыру туралы жаңа халықаралық құжаттар қабылдау қажет екенін мәлімдеді. 

 
Ядролық қаруларды таратпау жүйелерін кеңейту  әлемдік ядролық державалармен бірге жаңа жұмыс шарттарына алып келеді. Бізге ядролық қаруларды таратпау туралы жаңа шарттарды әзірлеу қажет, - деді ол. 
Спикер көптеген елдің қарусыздандыру мәселесіне қатысты нормалар мен ережелерге сене бермейтінін айтты. Сол себепті халықаралық сенімге ие бола алатын ядролық қарусыздандыру бойынша мүлдем жаңа стратегиялар қажет екенін жеткізді. 

Еске сала кетсек, 11-12 қарашада "Назарбаев орталығында" әлемдік саясаткерлер мен сарапшылар "Астана клубының" бесінші отырысында бас қосты.  

Айта кетейік,  "Astana club" саяси форумының биылғы отырысы халықаралық пікірталас алаңының құрылғанына бес жыл толуына орай өтіп жатыр. Елордада әлемнің түкпір-түкпірінен келген маңдайалды сарапшылар Еуразия құрлығы үшін 2020 жылдағы 10 басты сын-қатердің тізімін жариялады.

ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы қоры мен әлемдік экономика және саясат институты ұйымдастырған жобаға жаһанның 50-ден астам беделді саясаткерлері бас қосты. Тақырып: "Үлкен Еуразияны құру: серіктестіктің жаңа үлгісі". Спикерлер арасында бұрынғы мемлекет және үкімет басшылары, министрлер мен Нобель сыйлығының лауреаттары бар.



Фото: Артём Чурсинов
Загрузка...