Грузиядағы қазақстандықтың өлімі: Полиция Әсел Айтпаеваның туысын ұстады

16 Мамыр 2021, 09:22
2705
Бөлісу:
Грузиядағы қазақстандықтың өлімі:  Полиция Әсел Айтпаеваның туысын ұстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы полициясы Грузияда ауыр қылмыс жасады деген күдікпен қайтыс болған қазақстандық Әсел Айтпаеваның алыс туысы Мұрат Мейірбековті ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.

Елордалық полиция департаментінің хабарлауынша, ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Сотқа дейінгі тергеу Қылмыстық кодекстің 128-бабы (Адам саудасы) бойынша жүргізілуде.

Әсел Айтпаева 5 мамырға қараған түні Тбилисиде түсініксіз жағдайда қайтыс болды. Қыз тоғызыншы қабаттың терезесінен құлап кетті. Оның апайы қайтыс болғанға дейін қыз өзінің құрбысына аудио жазба жіберіп үлгергенін айтады. Онда белгісіз ер адамның оған зорлық көрсетіп, қорқытқанын естуге болады.

Тергеу барысында Грузия азаматы Зугдиди Бесик Тордуа ұсталды, ол зорлау және суицидке дейін жеткізу айыбы бойынша айыпталуда. Ол 8 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Грузияда қаза тапқан Әсел Айтпаеваға қатысты істі өз бақылауына алған болатын.

Грузиядағы «Сафари» құқық қорғау ұйымы Тбилисиде жұмбақ жағдайда қаза болған Әсел Айтпаеваның анасы Айсұлу Айтпаеваға адвокаттың тегін көмегін ұсынды.

Айыппұл үшін әкесі қызының мүрдесін алып кетуге бара алмаған.


Өзгелердің жаңалығы