Арыстық полицейлер екпе салдырды

15 Сәуір 2021, 15:52
1092
Бөлісу:
Арыстық полицейлер екпе салдырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы уақытта коронавирус инфекциясын жұқтырған қазақстандықтардың саны артуда. Осы ретте елімізде қауіпті індеттің көзін жою үшін карантин режимі қатаңдатылып, әртүрлі сақтық шаралары жасалып жатыр.

Арыс АПБ қызметкерлері ерікті түрде коронавирусқа қарсы вакцина салдыруда. Екпені алғашқылардың бірі болып АПБ бастығы, полиция полковнигі Н.Исабеков және оның орынбасарлары қабылдады. 
Сондай-ақ халықпен жиі қарым-қатынаста болатын патрульдік полиция қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары және ювенальды полиция инспекторлары мен өзге де құрылым қызметкерлері емханада екпе қабылдады. Олар халықпен тікелей жұмыс істегендіктен вакцина салдыруға өз еріктерімен келген, - деп хабарлады Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшыларына препаратты қабылдамас бұрын талаптары мен нұсқаулықтар түсіндірілді. 

Дәрігерлердің айтуынша, ең бастысы, екпені салдырғаннан кейін адам міндетті түрде 3 күн бойы суға түспей, жылы жүруі керек. Сондай-ақ осы уақыт аралығында ауыр көтеруге болмайды. 

Айта өтейік, егу науқанында вакциналаудан өткен қызметкерлердің бүгінде жағдайы жақсы. Сонымен қатар басқа да полицейлердің вакциналаудан өтуі жоспарланған. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін полицейлердің екпені дер кезінде қабылдауы маңызды. Вакциналау жұмыстары ерікті негізде жүргізілуде.


Өзгелердің жаңалығы