Арыстықтарға моральдық өтемақы қажет – Азат Перуашев

30 Маусым 2019, 09:37
1583
Бөлісу:
Арыстықтарға моральдық өтемақы қажет – Азат Перуашев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ақ жол» партиясының төрағасы арыстықтарға араша сұрап, Үкіметке хат жолдады. 

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Арыс қаласына арнайы барып, тұрғындардың жағдайымен танысып келгеніні айтады. 

«26-27 маусым күндері бірқатар ҚР Парламент Мәжілісі депутаттары және «Ақ жол» партиясының басшылары Түркістан облысына барып, Арыс қаласыныңм жағдайымен танысып, тұрғындарымен кездесті. Тұрғындардың айтуынша, апат барысында тұрғындарды құлақтандыру және дабыл қағу жүйесі тиісті сәтте қосылмаған», - дейді Мәжіліс депутаты.

Азат Перуашевтың айтуынша қазір халықты төленбей қалған несиелері мен тұрақты жұмыстарынан шығып қалу мәселелері алаңдатып отыр. 

«Арыс тұрғындарының қазіргі ауыр жағдайына және аймақтағы ресми төтенше жағдай режиміне қарамастан, банктердегі қызметкерлері несиелердің кезекті төлемдерін қатаң талап етуде. Төлем болмаған жағдайда, зейнетақы немесе атаулы әлеуметтік көмек төлемін тоқтатамыз деп те сес көрсетіпті. Мысалы, үйлері түгел қираған, онсыз да еңсесі езілген көпбалалы Байғубеновтардың отбасы ақшаны қарызға өмір сүре тұруға емес, банктің төлемін өтеу үшін алған», – дейді партия төрағасы. 

Сондай-ақ мұндай қысымдар жұмыс берушілер тарапынан да болып жатқандығын айтады. 

«Кей азаматтар жұмыс берушілердің (нақтырақ айтқанда – жершiлiктi темір жол бөлімі) Арыстан 60-80 км жырақта орналасқаны, отбасының апаттық жағдайы, жолдың жабықтығы, қалада тұруға болмайтындығы секілді жағдайларға қарамастан, жұмыстан шығарамыз деп қорқытып, жұмысқа шығу туралы талаптарын қойғанын айтты. Осыған байланысты, Үкімет пен Ұлттық банкты екінші деңгейлі банктерге, әуе компанияларына, тасымалдаушыларға, коммуналды қызметтерге және т.б. ұйымдарға Арыста орын алған жағдайдың форс-мажорлық жағдай екендігі жөнінде ресми түсіндіруді сұраймыз. Қайғылы оқиға антропогендік сипатта болғандықтан, яғни, мұндай апатты болдырмау жауапкершілігі тиісті мемлекеттік органдарға тиесілі екенін ескеріп, жақындары үшін жан-азабын шегіп, жарылыстын жанғырығы әлі құлағында тұрған, бейнет көріп, үрейленген қала тұрғындарына келтірілген моральдік зардап үшін өтемақы төлеу мәселесін қарастыру қажет», - дейді Азат Перуашев.

Өзгелердің жаңалығы