Бас жаңалықтар
#АрысБізБіргеміз. Қорға түскен қаржының қайда жұмсалатыны анықталды
PHOTO
28 Маусым 2019, 12:10 696

#АрысБізБіргеміз. Қорға түскен қаржының қайда жұмсалатыны анықталды

Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Арыс қаласына тұрғындармен қатар Қостанай, Павлодар облыстарынан гуманитарлық көмек те келіп жетті. Бұл туралы Түркістан облысы «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов айтты.

eed9a969-4ecf-4786-be54-f1b9b33bebae.jpg

«Бүгін Павлодардан және Қостанайдан ұн, макарон өнімдері келді. Ертең тағы екі жүк көлік су келеді. Тарату тізімі 17 учаскеге бөлінген. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев автобуспен келген халықты өзі қарсы алып, барлық көмекті ұйымдастырып жатыр. Логистикалық орталық Шымкентте еді, себебі бұл жақты қауіпті деген болатын. Қазір азық-түліктерді осында жеткізіп жатырмыз. Үкімет тарапынан да, халық та жаппай көмегін көрсетті. Біз де «Нұр Отан» партиясының мүшелері бір күндік жалақымызды аудардық», - деді Түркістан облысы «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов.

fb74c34c-78f2-4ed6-b01d-edea725b3b24.jpg

Оның сөзінше, қорға түскен қаржыдан несиеден қиналып жатқан көпбалалы және жағдайы төмен арыстық отбасыларға көмек беріледі.

28723bb8-eac1-4459-a046-b3865abe0fdb.jpg

«Қазіргі мақсатымыз – тұрғындарды бірінші кезекте үйлеріне тыныш кіргізу және басқа қауіпсіздік жағдайларының бәрін қамтамасыз ету. Осында комиссия мүшелері, денсаулық сақтау саласы да өз жұмыстарын қалтқысыз атқаратын болады», - деді Н.Жолдасов.

afbee4d8-3035-4856-9693-485eddc6db7c.jpg

Гуманитарлық жәрдем Арыс қаласындағы қоймаға жеткізіліп, 90 тонна жүк түсірілді. Павлодар қаласынан жеткізілген жүк көлігі атынан «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары Николай Дычко арыстықтармен бірге екенін айтып өтті.

83113748-64e6-447d-94e8-38d9960eb513.jpg

«Құрметті, Арыс қаласының тұрғындары, қымбатты ағайындар! Біз сіздермен біргеміз. Сіздерге шын жүректен көмектесу үшін бүгін Арыс қаласына 50 тонна ұн, макарон, пісте май әкелдік. «Бірлік бар жерде тірлік бар». Бұл қиын жағдай да артта қалды. Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын», - деді Н.Дычко.




Фото: автордан
Загрузка...