Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин Дүниежүзілік балалар күніне орай ұйымдастырылған «Балалық шақты қорғау жүйесінің тиімділігі және баланың әл-ауқаты: мемлекет пен азаматтық қоғамның бірігуі» туралы брифинг барысында айтты.
Дүниежүзілік балалар күні – балалардың құқықтарын қамтамасыз етуде қол жеткізілген жетістіктер мен атқарылған шараларды арттыруға арналған жыл сайынғы шара. Әлем мемлекеттерінің мақсаты бір – бүкіл баланың қауіпсіз өмір сүруіне, білім алуға мүмкіндіктер мен жағдайлары болуы тиіс. БҰҰ Бала құқықтары конвенциясына - 30 жыл. Біздің еліміз бұл конвенцияны 1994 жылы ратификациялады, - деді ол.
Аружан Саин атап өткендей, 1 жыл 4 ай ішінде уәкілге 507 өтініш келіп түскен.
Қазіргі уақытта 396 өтініш түсіп, 111 қаралып жатыр. Өтініштер бойынша көп жағдайда балалардың құқықтар қорғалды. Мүмкіндігі шектеулі балаларды білім беру мен қажетті заттармен қамтамасыз ету бойынша, алимент төлеу бойынша, спорт секцияларының жетіспеуі мен шетелде жүрген қазақстандық балаларға қатысты өтінімдер қаралды, - деді ол.
Ол атағандай, балаларға қатысты қылмыстық істер бойынша 60 өтінім келіп түскен.
Олардың барлығы расталды. 8 іс бойынша соттың шешімі шықты. Қалғандары бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Балаларға қатысты сексуалды зорлық бойынша 30 өтінім болды. Оның ішінде 6-ы бойынша сот шешім шығарды.14-і бойынша тергеу жүргізіліп жатса, екеуі сотқа жолданды, - деді Саин.