Аружан Саин Аягөз интернатының қазіргі ахуалы туралы айтты

15 Шілде 2020, 11:44
2125
Бөлісу:
Аружан Саин Аягөз интернатының қазіргі ахуалы туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин "Antikor Live" жобасы аясындағы онлайн брифингте айтты.

Балалар үлкендер сияқты қатты ауырмайды. Бізде ауырған балалар саны аз. Олардың барлығы індетті жеңіл қабылдап, сауығып шықты. Пандемия балалар өміріне қатты әсер етті. Балабақша мен мектептердің, балалар үйіндегі карантин олардың өміріне айтарлықтай әсер етіп жатыр. Бұл жағдай бала мен ата-аналардың шыдамдылығын қажет етеді, - деді Аружан Саин.

Ол Аягөз балаларға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығындағы қазіргі хуал туралы айтып берді. 
Балалар ауруды жеңіл кешіріп жатқанын айтты. Сәуірде 4 бала қайтыс болған соң, директор ауысты. Ол жақта жағдай тұрақтанады деп ойлаймын. Қазір ол жақта  балаларды қосқанда 40 адам ауырып жатыр. Эпидемилогиялық зерттеу бойынша, індет сырттан келген, ата-анасымен демалыстан келген баланың өзге мекемеден ауысып келуі аурудың жұғуына себеп болды. Қазір бұл аурудан ешкім сақтандырылмаған. Коронавирустың қалай таралып жатқанын көріп отырмыз. Барлық карантин талаптарын сақтау керек, алайда қауіп өте жоғары болып отыр, - деді Саин.

Айта кетейік, сәуір айында Аягөз балаларға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында 4 бала қайтыс болды.

Естеріңізге сала кетейік, Аягөздегі балалар орталығындағы балалар мен қызметкерлерден КВИ анықталғандығы туралы хабарлаған болатынбыз.
Өзгелердің жаңалығы