Бас жаңалықтар
Аружан Ардақ Ресейге кіруге рұқсат алды
28 Қыркүйек 2020, 23:15 106

Аружан Ардақ Ресейге кіруге рұқсат алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Детская новая волна» байқауының қазақстандық қатысушысына Ресейге кіруге рұқсат берілді. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл мәселе ҚР СІМ мен Қазақстанның Мәскеудегі Елшілігінің күш-жігерінің арқасында өз шешімін тапты. Кеше «Детская новая волна» халықаралық байқауының финалисі Аружан Ардақ анасы Гүлжан Сабыкеновамен бірге Мәскеуге келді. Алайда, шақырудың болуына қарамастан, Ресейге Түркия арқылы транзитпен келуіне байланысты қолданыстағы ережеге сәйкес елге кіруге негіз болмағандықтан анасы мен қызын Ресей аумағына кіргізбеді - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, министрлік баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, қазақстандық дипломаттардың айтарлықтай күш-жігерінің нәтижесінде Аружан Ардақ шекарадан өтті.

Біз оған алдағы конкурста шын жүректен сәттілік тілейміз. Біздің ресейлік әріптестерімізге осы мәселеде көрсеткен қолдауы үшін алғысымызды білдіреміз. Сонымен қатар, бұл жағдай ерекше жағдай екенін еске салғымыз келеді. ҚР азаматтарының назарын РФ Үкіметінің 16.03.2020 жылғы №635-р өкіміне Қосымшаға сәйкес Қазақстан азаматтары мен ҚР-да тұруға ықтиярхаты бар шетелдік азаматтардың Ресейге шектеусіз кіруі тек әуе өткізу пункттері арқылы және Қазақстаннан тікелей әуе рейстермен ғана мүмкін екеніндігіне тағы да аударамыз. Қазақстаннан басқа елдерден Ресейге келу осы елдердің тұруға ықтиярхаты болған жағдайда ғана мүмкін. Ресейге әуе сапарларды жоспарлау кезінде осы жағдайды ескеруді сұраймыз - делінген баспасөз хабарламасында.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...