Бас жаңалықтар
Арнайы қызмет өкілдері қытайтанушы Константин Сыроежкинді қамауға алды
04 Мамыр 2019, 17:54 1183

Арнайы қызмет өкілдері қытайтанушы Константин Сыроежкинді қамауға алды

Алматы, BAQ.KZ. Қазақстанның арнайы қызметі танымал саясаттанушы Константин Сыроежкинді ұстады, деп жазды ЦентрАзия басылымы.

Елімізде ұзақ жылдар қызмет еткен К.Л.Сыроежкин қытай бағыты бойынша ең жетекші маман деп саналып келген. Басылымның дерегіне сүйенсек, оған тыңшылық жасады деген айып тағылған.

Константин Сыроежкин 1956 жылы 19 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген.

2003-2006 жылдары сараптамалық орталықтың басшысы, Инвестициялар тиімділігін зерттеу жөніндегі агенттіктің жетекші сарапшысы болған.

2006 жылдан бері Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері жұмысын атқарған.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...