Бас жаңалықтар
Аралдан балық аулау кәсібі жанданып келеді
24 Қыркүйек 2020, 21:09 127

Аралдан балық аулау кәсібі жанданып келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаевтың тарихи шешімінің арқасында Арал теңізінің солтүстік бөлігі қалпына келтіріліп, мыңдаған балықшы ата кәсібіне қайта оралды. 

«Қызылорда балық ӘКК» ЖШС құрылтайшысы Аманбай Ерхатов өңірде балық шаруашылығының қалай дамып жатқаны туралы айтып берді.  

Мен Арал балықшыларының бірімін. Балық шаруашылығы саласындағы өз кәсібімді Арал қаласында балық аулау бойынша шағын шаруа қожалығының ашудан бастады. Содан бері мемлекеттік қолдаудың арқасында Қызылорда облысында балық өңдеу зауыты мен заманауи жабдықтармен жабдықталған балық қабылдайтын сервистік-дайындау орталықтарын аштым, — деді ол. 

Бүгінгі таңда Қызылорда облысында қуаттылығы жылына 12,5 мың тонна болатын 9 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. Олардың 4-іне еуропалық сапа стандарттарына сәйкестігін растайтын «Еурокодтар» енгізілді.  

Арал балығының жоғары сапасына және оған нарықта тиісті сұраныстың болуына байланысты бүгінде ол қарқынды экспортталуда. Жыл сайын облыста 7-8 мың тонна балық өндірілетініне қарамастан, балық өңдеу зауыттарында шикізат жетіспейді. Премьер-Министрдің балық шаруашылығын одан әрі дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Атырау облысында «Қызылорда балық ӘКК» ЖШС тауарлы балық өсіру шаруашылығын құруды жоспарлап отыр. 

Екі апта бұрын балық шаруашылығы саласындағы әріптес кәсіпкерлермен бірге біз Түркістан облысында тауарлы балық өсіру жұмыстарымен танысып, тәжірибе алмастық. Біз Түркістан облысының балық өсірудегі оң тәжірибесіне қызығушылық таныттық және оны осы өңірде енгізуге дайынбыз, — деді А. Ерхатов.

Фото: дереккөз
Загрузка...