Бас жаңалықтар
Қарағандылық өртсөндіруші ҚР Президентінің қолынан жоғары марапат алды
07 Мамыр 2019, 10:19 964

Қарағандылық өртсөндіруші ҚР Президентінің қолынан жоғары марапат алды

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру қызметі және апатты-құтқару қызметінің №1 өрт сөндіру бөлімінің командирі Александр Минаев ҚР Президентінің Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Жоғары марапатты Александр Минаев Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан алды.

Азаматтық қорғаныстың старшинасы Александр Минаев өрт сөндіру қызметінде 2008 жылдан бері қызмет етеді. Ол бақылау бөлімінің жеке құрамына басшылық жасайды. Александр Минаев адамдарды құтқарудағы ерлігі мен өжеттілігі үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.


«2019 жылдың 3 наурызы күні 01 сағат 15 минутта Қарағанды қаласының Резник көшесінің бойындағы көпқабатты тұрғын үйді тілсіз жау шарпығандығы жайлы xабарлама келіп түсті. Өртсөндіру қызметі оқиға орнына жеткен уақытта бірінші қабаттағы ағаш блоктардың жануы орын алып, үйдің кіреберісін қою қара түтін басып, құтқарушылардың үйге кіруіне кедергі келтірген. Сол уақытта өрт сөндіру бөлімінің командирі Александр Минаев үйдің үшінші қабатындағы балконында көмекке шақырған адамдардың тұрғанын байқаған. Балконға үш аяқты саты арқылы көтерілген старшина өз қолымен екі кішкентай баланы қауіпсіз жерге алып шықты», - дейді облыстық ТЖД-нің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.

Оның айтуынша, өртке қарсы қызмет мамандарының нақты әрі жылдам әрекет етуінің арқасында адамдардың жалынға күйіп қалу және улы көмірқышқыл газымен улану қаупін болдырмау мүмкін болған. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды уақытылы сөндіріп, ірі шығындардың алдын алды.

 



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық